Готикалық, магиялық, барокколық туындылардағы кейіпкерлер жүйесі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025198215
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Көркем туынды атаулының барлық жанрында қаһарман автор үшін ең негізгі мәселе және автордың ой дүниесін жеткізуде өзімен қатарлас, бірге әрекет етуші бейне болып табылады. Бұл мақалада қазақ-мажар әдебиетіндегі барокколық, готикалық, магиялық туындылардағы кейіпкерлер әлемі талданады. Қазақ және мажар жазушыларының ХІХ-ХХІ ғасырда жарық көрген туындыларындағы кейіпкерлердің қосарлану мотиві, аруақтар мен елестер, мәйіт образы салыстыра мәтіндік талдау негізінде сараланды. Кейіпкерлер архетипі, психологиясы мен автор психологиясының арасындағы байланыс, аруақ образының жағымды және жағымсыз белгісі мен гендерлік сипаты қарастырылды. Асқар Алтай, Мадина Омарова, Қойшыбек Мүбарак, Мақсат Мәлік, Лира Қоныс, Дьёрдя Драгоман, Ласло Дарваши әңгімелеріндегі кейіпкерлер типологиясына талдау жүргізіледі. Аталмыш авторлардың бас қаһарманның мінезінде, іс-әрекетінде, ойында ешкімге ұқсамайтын, көбіне жеке тұлғаға тән, оны ұлттық болмысын аша түсетін даралық, нақтылық қалып-қасиетті сақтау, негізгі авторлық идеяны жеткізу тәсілдері талданады. Кейіпкер адам – қоғам – әмбебап өмірінде болып жатқан барлық нәрселердің негізгі себебі ретінде түсініледі. Кейіпкер мен баяндаушының құрылымын талдау, бейнені талдау тікелей шығармада көрсетілмеген авторлық позицияны анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында герменевтикалық, компаравистикалық әдістер қолданылды. Кейіпкер терминінің түсіндіруде ғалымдар тұжырымына негізделіп, готикалық, бароккалық, магиялық туындылардағы образдар жүйесі, қалалық балалар типі мысалдармен дәлелденді. Түйін сөздер: Қазақ-мажар әдебиеті, бароккалық стиль, готикалық өрнек, магиялық мотив, постмодернизм, көркем шындық, образдар жүйесі, қала балалар типі.