ХХ ғасыр басынан етістіктің зерттелуі және «Абай жолы» романындағы күрделі етістіктер

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025198211
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала етістіктің грамматикалық категориялары мен құрылымын метабелгіленімде қалай көрсетуге болатынына арналған. Ол үшін, алдымен, тілдегі күрделі етістіктер, олардың түрлері мен жасалу ерекшеліктеріне байланысты ғалымдар пікірлеріне арнайы тоқталып, сараланды. Мақаланы жазу барысында кестелер сызылды, қазақ тіліндегі дара және күрделі етістіктердің сызбалары жасалды. Күрделі етітіктердің қолданысы туралы белгілі бір дәрекжеде ақпаратты толықтыра түсу үшін «Абай жолы» романындағы етістіктердің қолданысы мен құрылымдық ерекшеліктері қарастырылу көзделді. Романнан мысалдар іріктеу, күрделі етістіктерді компоненттер санына қарай топтастыру мақсаты көзделді. Соның негізінде күрделі етістіктеге арналған ақпараттар қатары толығады деп шешілді. Ол үшін мынадай міндеттер көрсетіледі: грамматикалық катеогриялары көп болып табылатын ірі сөз табы етістіктің жалпы морфологиялық сипатына, өткен ғасыр басындағы көзқарастарды қамти отыра тағы да тоқталу; етістікке берілген анықтамаларды тарихи кезеңдерден (ХХ ғасыр басынан қазіргі күнге дейінгі) бастап салыстыру; етістіктердің лексика-грамматикалық бөлінісі мен грамматикалық категорияларының әр кезеңдегі жіктелісіне тоқталу; олардың грамматикалық категориялары мен грамматикалық мағыналарын тудыратын қосымша морфемаларды көрсету; категориялардың аталуындағы (терминдер жүйесіндегі) кезеңдік ерекшеліктерді көрсету; етістіктердің құрылымдық топтарын санамалап өту; күрделі етістіктердің компоненттерінің санының құбылуы күрделі іс-әрекеттердің семантикасына әсері болатын я болмайтынын анықтау; сол арқылы бөлінісі жүзеге асатынын көрсету; сондай-ақ «Абай жолы» романындағы етістік түрлерінің қолданысына тоқталу барысында күрделі етістіктер жөніндегі ғылыми ақпаратты толықтыруға әрекет ету және, ең негізгі мәселенің бірі, осыған дейінгі тіл корпустарындағы етістікке қатысты әзірлемелердің ерекшелігін көрсету т.б. Түйін сөздер: метабелгіленім, «Абай жолы» романы, рай формасы, күрделі етістік, етістік құрылымы.