Тілдерді оқытудың белсенді әдісі ретінде аудиовизуалды материалдарды пайдаланудың тиімділігі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025198224
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – қазақ тілі сабақтарында студенттердің тыңдалым дағдыларын дамыта отырып, тілдік және сөйлеу құзыреттерін аудиовизуалды материалдардың көмегімен қалыптастыру. Аталған практикалық мақсатты шешу барысында аудиовизуалды оқыту құралдары, оның ішінде фильмдердің дидактикалық материал ретінде практикалық маңыздылығы анықталды; қазақ тілі сабағында студенттердің тілдік және сөйлеу құзыреттерін дамыту үшін тапсырмалар кешені әзірленді. Студенттердің тыңдалым дағдыларын меңгеруі – қазақ тілін үйренудегі маңызды кезеңі. Сөйлеу әрекетінің түрлері, нақтырақ айтқанда, тыңдалым мен жазылым дағдыларын меңгеру деңгейі студенттің тілдік жетілуінің объективті көрсеткіші бола алады. Аудиовизуалды материалдармен жұмыстың мотивациялық-бағдарлы, аналитикалық-синтетикалық және рефлексиялық-бақылау кезеңдерінде ұсынылатын әдістемелік тәсілдер қазақ тілі сабағында естіген/көрген ақпараттарды саналы түрде қабылдауға және дәлме-дәл түсінуге, студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытуға жағдай жасайды. Фильмнің құрылымдық және мазмұндық ақпаратын аналитикалық-синтетикалық кезеңде талдау және рефлексивті-бақылау кезеңінде орындалатын тапсырмалардың алуан түрлілігі студенттердің қатысымдық тұлға ретінде шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға ықпал етеді. Аудиовизуалды материалмен жұмыс кезінде ұсынылған тапсырмалар студенттің жаңа ақпаратпен танысу, оған шолу жасау, ұсынылған мәселе бойынша сыни ойлау, берілген тақырып бойынша ақпараттық-іздестіру қабілеттерін дамытуға бағытталған. Түйін сөздер: тыңдалым, дағды, аудиовизуалды оқыту құралдары, тілдік құзырет, сөйлеу құзыреті, қатысымдық тәсіл.