ЗАМАНЫНДА ХАЛҚЫНЫҢ ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ЗИЯЛЫ ТҰЛҒА –МҰХАМЕД-САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ ТАРИХИ БЕЙНЕСІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.028
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мұхамед-Салық Бабажанов —қазақ халқының рухани өмірінде, ағартушылық қозғалысында өзіндік орны бар көрнекті зиялы тұлға. XIX ғасырда өмір сүрген ол тек өз дәуірінің емес, бүгінгі ұрпақтың да тарихи санасында айрықша із қалдырған қайраткер. Бабажанов қазақ қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси мәселелерін тереңінен түсінген, сол кезеңдегі халықтың көзін ашуға, білім мен мәдениетке үндеуге ұмтылған санаулы зиялылардың бірі болды.Ол Ресей империясының саяси құрылымын, отарлық саясаттың шынайы сипатын жақсы білді және қазақ халқының мүддесін қорғау жолында қаламын қару етіп, бірнеше маңызды еңбектер жазды. Мұхамед-Салық Бабажановтың публицистикалық мұралары қазақ халқының тарихи-этнографиялық ерекшеліктерін, тұрмыс-салтын, әлеуметтік жағдайын шынайы бейнелеп, ғылыми негізде зерттеуге жол ашты.Бабажановтың тұлғалық биігі оның халқы алдындағы адалдығы мен ағартушылыққызметінде көрініс тапты. Ол халықтың шынайы ықыласына бөленіп, өз заманының ұлт зиялысы деңгейіне көтерілді. Оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметі қазақ қоғамының оянуына, ұлттық сананың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Бұл мақалада Мұхамед-Салық Бабажановтың өмір жолы, ағартушылық еңбегі мен тарихи мұрасы жан-жақты талданып, оның қазақ зиялылары арасындағы орнын ашып көрсету көзделеді.