ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҚТАРЫН ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ (1929-1931 жж.)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.002
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 1929–1931 жылдары Қазақстанда жүргізілген саяси-экономикалық реформаларға, соның ішінде ұжымдастыру науқаны мен бай-кулактарды тап ретінде жою саясатына қарсы бағытталған халық наразылықтары мен көтерілістері зерттеледі. Кеңестік биліктің аграрлық салада жүргізген мәжбүрлеу саясаты ауыл шаруашылығы құрылымын күйретіп, шаруалар мүлкін тәркілеу, қоныс аудару және әлеуметтік қысым көрсету сияқты шаралармен қатар жүрді. Кеңес үкіметінің аграрлық салада жүргізген қайта құрулары еліміздің дәстүрлі даму жолын күйретіп, қоғамдық құрылымның жат үлгісі еріксіз таңылды. Бұл әрекеттер халықтың тұрмыс деңгейінің күрт нашарлауына,әлеуметтік қайшылықтардың ушығуына алып келді. Күштеу саясаты ауыл тұрғындарының жаппай көшу, көтеріліске шығу сияқты қарсылықтарын туғызды. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан өңірінде көтерілістің бірнеше ошақтары қалыптасып, халықтың наразы-лықтары қарулы қақтығыстармен жалғасты. БМСБ-ның жазалау құрылымдары әрбір ауылдағы көтерілісшілерге тергеу жұмыстарын жүргізіп, төтенше жазалау шараларын қызу жүргізген.Зерттеу жұмысы Қазақстанның шығыс аймақтарындағы халық қарсылықтарын назарға ала отырып, наразылықтардың себептері мен алғышарттарын, олардың аймақтық ерекшеліктері мен ұйымдасу деңгейін саралайды. Халық қарсылығының бейбіт наразылықтан бастап қарулы қақтығыстарға дейінгі әртүрлі формалары қарастырылады. Сонымен қатар, кеңестік биліктің көтерілістерді басу үшін қолданған репрессиялық шаралары, оның ішінде әскери күш қолдану, жаппай тұтқындау, жер аудару және жазалау шараларының әлеуметтік-саяси салдары архивтік деректер мен құжаттық материалдар негізінде талданады. Ғылыми айналымға енгізілетін архив деректері Семей өңіріндегі шаруалар көтерілісі туралы жаңа тарихи мәліметтерді дәлелдеп, көтерілістің сипатын, себептерін анықтап, мерзімдік шеңберін айқындай түседі.