КИЕЛІ САРАЙШЫҚ: АҢЫЗДАР ЖӘНЕ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Киелі мекен Сарайшықта қазақ халқының құрылу, бірігу тарихының бастаулары жатыр. Сондықтан Сарайшықтың әрбір тасын, кірпіші мен қыш ыдыстарын ықылас қойып зерттеу, қастерлеу, жас ұрпақтың санасына сіңіру бізге парыз.Сарайшықпен, соның ішінде оның көне жұртының тарихымен, тағдырымен азды-көпті таныс жұрт оны әулиелі жер деп біледі. Зерттеу-лердің бірі Сарайшық туралы халық жадында көнеден бүгінге дейін жеткен аңыздар. Біз өз зерттеумізде Сарайшық қаласының аумағына қатысты аңыздар мен тарихи деректерді салыстыра отырып талдауға талпындық.Сарайшықтың аңыздары қазіргі кезде көпшілікке мәлім. Олар Алтын орда ханы әз-Жәнібек хан мен Асан қайғы арасындағы оқиғалар, Сарайшықтың Секер көлі, хан қызы, оның алтын қайығы, қазақтың даңқты ханы Қасым хан Сарайшық төңірегінде «бұрын-соңды болмаған салбурын жасаймын» деп бүкіл қазақ ордасынан 1000 құсбегі шақыртқаны туралы аңыздар. Сонымен бірге, жергілікті жұртқа ғана мәлім, Асау әулие, Қыз әулие, Зейнелғабит ата, Тәжібай ата туралы аңыздай ғып айтылатын әңгімелер бар. Мақаладаэтнограф Ахмет Тоқтабайдың деректері, жергілікті тұрғындардан алынған мәліметтер берілген. Сарайшықпен салыстыру мақсатында Сарай-Берке, Маджар қалаларындағы аңыздар қаралынды.