АШТЫҚ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ БОСҚЫНШЫЛЫҚ (ХХ ғ. 30 жж.)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық қазақ халқының есіне жазылмас жара салды. Осы жылдар аралығында ұлтына қарамай, қазақ жерін мекендеген қаншама адам аштықтан ажал құшты. Тамақ іздеп жаяу-жалпы ауылдарды кезді, өзге республикаларға, шет мемлекеттерге қарай босты. Бұл жерлерде де босқын қазақтардың жағдайлары жақсармады. Оларға бөлінген азық-түлік көмегі жетіспеді. Балалар үйі, жетімханалардағы балалардың жағдайлары аса ауыр болды. Мақалада босқыншылыққа ұшыраған қазақтардың жағдайы мен оларға жәрдемдесудегі іс-шаралар барысы архив құжаттары, естеліктер мен ғылыми зерттеулердің негізінде қарастырыла-ды. Авторлар босқындардың ауыр жағдайына қатысты мысалдар келтіре отырып, оларды туған жерлеріне кері қайтару жолдарын талдауға алады. Соныменқатар үкімет тарапынан қабылданған бұйрық, қаулы-қарарлардың орындалу барысына тоқталады. Жұқпалы аурулардың таралуы мен оларға медициналық көмек көрсету барысын, ашыққан-дарға азық-түліктің берілуін нақтылайды. Қайтып оралған босқын қазақтарды уақытша үйлергеорналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету барысы ашылады. Сонымен бірге мақалада ашаршылықтан шаруашылық пен қазақ халқының демографиясына тигізген қасіреті де анықталады.