КЕҢЕС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК АХУАЛЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР МЕН ОҚЫТЫЛУ ТӘСІЛДЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.012
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кеңестер үкіметі Орталық Азияның мұсылман әйелдерінің ахуалын гендерлік реформа арқылы реттеуге ұмтылды. 1920 жылы Орталық Азияға билік орнатқан кеңестер әйелдердің діни-әлеуметтік және құқықтық мәртебелерін жаңадан қарастыратын шешімдерді қабылдады. Осы мақсатта гендерлік теңдікті реттейтін заңдық ережелер енгізілді. Бірақ, Кеңестер Одағының гендерлік саясаты жергілікті халықтың діни және салт-дәстүр ерекшеліктерін ескермеді. Осыған байланысты большевиктердің гендерлік реформасы жергілікті әйелдердің санасына толықтай еніп кете алмады. 1920 жылдары кеңестік әлеуметтік-шаруашылық реформаларына қарсы қозға-лыстар Орталық Азияның барлық жерлерінде стихиялық түрінде көрініс тапты. Большевиктер үкіметінің гендерлік теңдік саясатына қарсы қозғалыстар діни-әлеуметтік контексте жүзеге асты. Кеңестік тарихнама мен әдебиеттерде 1920-1930 жылдардағы большевиктердің гендерлік саясатына біржақты баға берілді. Сонымен қатар, кеңестердің өңірде жүргізген кейінгі гендерлік ұстанымдары теориялық-әдіснамалық тұрғыда өзінің шынайы бағасын алған жоқ. КСРО тұсын-дағы оқулықтарда коммунизм әйелдердің бостандығын қалпына келтіруші қоғам ретінде сипатталды. Қазіргі зерттеулер кеңестік гендерлік тұжырымның кемшіліктеріне ақиқат пікір беруге ұмтылады. Сонымен қатар, бүгінгі оқыту жүйесіндегі бұл мәселенің тың көзқарастармен қарастырылу міндеті алға шығып тұр.Бұл зерттеу жұмысында кеңестік дәуірдегі Орталық Азияның мұсылман әйелдерінің ахуалы-на тарихи баға берілді және теориялық көзқарастарға серпін беретін пайымдар ұсынылды. Сондай-ақ, бұл тақырыптың оқытылу жүйесіндегі тәсілдерінің мазмұны мен ерекшеліктеріне талдау жасалынды.