САЗ ЫДЫС БӨЛІКТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ПЕТРОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ (КҮЛТӨБЕ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

2024 жылы Күлтөбе қалашығының цитадел бөлігінде археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. зерттеу жұмыстары барысында 3 құрылыс қабаты аршылып, көптеген саз ыдыс бөліктері жинақталды. Қазіргі таңда жаратылыстану ғылымы саласының зерттеу әдістеріне сүйене отырып, саз ыдыстардың жасалу технологиясын, күйдіру темпрарурасы, сазының химиялық құрамын, шикізаттың алынған орнын және т.б. ерекшеліктерін анықтау мақсатында петрографиялық талдаулар жұмыстары жүргізілуде. Бұл зерттеу әдісі саз ыдыстарды пәнаралық негізде зерттеудің озық үлгісі болып табылады. Күлтөбе қалашығында 2024 жылы жүргізілген зерттеулер барысында алынған саз ыдыстар арасынан он данасына Түркия Республикасының Анкара қаласындағы REDEVIO AR-GE Bilgi ve Operasyon Teknolojileriжәне Тарихи материал-дарды зерттеу және консервациялау (MAKLAB)зертханаларында петрографиялық талдау жұ-мыстары жүргізілді. Саз ыдыс бөліктерінқұжаттау жұмыстары аясында олардың түстері сандық түсті өлшегіш (хромаметр) арқылы, ал қалыңдығы сандық қалыңдық өлшегіш (thicknessmeter) арқылы анықталды. Петрографиялық зерттеулер барысында үлгілердің петрографиялық ерекше-ліктері жұқа кесінділері арқылы оптикалық микроскопиялық талдау көмегімен, ал олардың химиялық құрамы поляризацияланған рентген флуоресценциясыXRF және SEM-EDX талдау әдістерімен зерттелді.Талдау нәтижесінде саз ыдыстардың күйдіру дәрежесі, қалындығы және химиялық құрамы анықталып, шикізат көзінің орны жайында (саздың алынған жері)тұжырым жасалынды.