ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.035
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау процесінде эмоционалды интеллекттің (ЭИ) маңыздылығы талданады. Теориялық талдаулар арқылы эмоционалды интеллектті мұғалімнің кәсіби табыстылығының маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады. «Эмоционалды интеллект», «эмоциналды мәдениет» ұғымдарының мәні нақтыланады. Эмоционалды интеллекттің құрамдастары ретінде қарым-қатынас, қабілеттілік, көшбасышылық, өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, мотивация, эмпатия, әлеуметтік дағдылар қарастырылады және олардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болатындығы талданады. Зерттеу барысында мұғалімнің эмоцияларды басқару қабілетінің оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнатуға, олардың мотивациясын арттыруға және жағымды оқу ортасын құруға ықпалы түсіндіріледі. Эмоционалды интеллекттің компоненттері –өзіңіздің және басқалардың эмоцияларын анықтай білу, олардың арасындағы айырма-шылықтарды табу; нақты мәселелерді шешу үшін эмоциялардың барлық әлеуетін қолдана білу; әрбір эмоцияны білу және оның қалай пайда болатынын түсіну қабілеті; эмоцияларыңызды басқара білу деп көрсетіледі.Эмпирикалық бөлімдегі зерттеу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында эмоционалды интеллекттің деңгейін бағалау үшін сауалнамалар мен диагностикалық сұрақтар қолданылды. Нәтижелер болашақ мұғалімдер арасында ЭИ деңгейінің орташа және төмен екендігін көрсетті, бұл олардың эмоционалды дамуын қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.