ПӘРМЕНДІ РЕКТОРҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР:ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргікезде университеттердің басқару құрылымдарымен ректорлардың көшбасшылық қасиеттерін зерт-теу аса өзекті мәселе. Ректорлардың көшбасшылық стильдері мен әдістері университеттің дамуына, білім беру сапасына және студенттердің академиялық жетістіктеріне тікелей ықпал ететіні белгілі. Осыған байланысты мақалада пәрменді ректорға тән қасиеттер анықталып, олар жан-жақты талданады. Сондай-ақ мақалада 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына берілген институциялық автономияның салдары зерттеледі. ҚазақстанҮкіметі қабылдаған заңнегізінде университеттер өз стратегияларын әзірлеуге және жергілікті жағдайларға сәйкес өзгерістер енгізуге мүмкіндік алды. Бұл өзгерістер университет басшыларының өз кампустарында ауқымды реформаларды іске асыруына жағдай туғызды. Осы орайда Қазақстандағыжоғары білім беру жүйесіндегі көшбасшылық пен өзгерістерді басқарудың өзара байланысын анықтау зерттеудің негізгі мақсаты болды. Зерттеудің негізгі бағыты –университет басшыларының институциялық өзгерістерді қалайжәне не себепті жүзеге асыратынын түсіну және Қазақстандағы мемлекеттік университеттердің ректорла-рының көшбасшылық стильдерін анықтау. Зерттеу нәтижелері университеттерді басқару құрылымдарын жетілдіруге және ректорлардың кәсіби дамуына жол ашады. Зерттеу әдістемесі ретінде сапалық зерттеудіңсұхбат әдісі қолданылды. Директорлар кеңесінің алты мүшесінен сұхбат алынып, олардың пікірі талданды. Бирнбаумның (1992) Президенттік көшбасшылық тұжырымдамасы негізінде көшбасшылықтың инструмен-талдық және интерпретативті түрлері талқыланды.