ЖОО-ДАҒЫШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада білім беру қызметіндегі рефлексиялық тәсілді қолдану жолдары қарастырылып, зерттеушілердің осы бағыттағы зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. «Рефлексиялық тәсіл» мазмұнына берілген анықтамалар талданып, оның негізгі құрамдас бөліктері анықталды. Сонымен қатар, мақалада рефлексия ұғымы, оның түрлері мен формалары да айқындалды. ЖОО-дағы ағылшын тілі сабақтарында рефлективті тәсілді жүзеге асыруға бағытталған, сабақ барысында білім алушылардың танымын дамытуға ықпал ететін және оларға алған білімдерін сәтті талдауға мүмкіндік беретін оқу іс-әрекетінің әдістері де талданды. Осымен байланысты ағылшын тілі сабақтарында рефлексиялық тәсілді жүзеге асырудың тиімді жолдарымен механизмдері анықталды. Көрнекі материалдардың және алдын-ала дайындалған тезистердің көмегімен, сондай-ақ еркін түрде талқылау бойынша бөлінетін рефлексия топтарының мәні ашып көрсетілді.Қазіргі білім беру процесі оқытушының оқу іс-әрекетінде рефлективті тәсілдердің жүйелі түрде қолдануын талап етеді. Оқытушының рефлексиялық тәсілді тиімді қолдануы нәтижесінде білім алушылардың танымы кеңейіп, алынған білімді сәтті талдауға бейімделеді. Рефлективті тәсілді оңтайлы жүзеге асыру кезінде білім алушылар оқу процесіне тікелей қатысуға, атап айтқанда, оқытушының жетекшілігімен өз мүдделері мен мақсаттарына негізделген материалды таңдауға, олардың қазіргі нәтижелерін өткенмен салыстыру қабілетін игере отырып, оқудағы жетістіктерін болжауға мүмкіндік алады.