АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК БАҒЫТТАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.026
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі–әлеуметтік жұмыс пен психология саласындағы аса өзекті, бірақ жеткіліксіз зерттелген тақы-рыптардың бірі. Бұл мақала ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарын зерттеуге арналған. Ауылдық ортаның ерекшеліктері зорлық-зомбылық құрбандарының психологиялық жағдайына және кәсіби көмекке қолжетім-ділігіне елеулі әсер ететіні атап өтіледі.Теориялық бөлімде негізгі ұғымдарға анықтама беріліп, зорлық-зомбылық түрлері мен әлеуметтік-психологиялық көмектің мазмұны талданады. Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әйел психикасына негізгі әсерлері –психологиялық жарақат, депрессия, үрей, өзін-өзі төмен бағалау, үйренген шарасыздық син-дромы –анықталып, визуалды түрде сызба ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, ауылдық орта-ның әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жиілеуіне әсер ететін факторлары сипатталды.Эмпирикалық зерттеу ретінде Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлері арасында сауалнама жүргізілді. Оның мақсаты –әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бағыттары мен проблемаларын анықтау болды. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге бастан кешкен зорлық-зомбылықтың негізгі психологиялық салдарын анықтау мақсатында PCL сауалнамасы ұсынылды.