ЕРЕСЕК МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.016
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Эмоционалды интеллект мәселесі психологиялық зерттеулерде жеткілікті өзекті мәселе болып табылады, соған байланысты аталған ұғымды түсіндірудегі және оның түйінді компо-ненттерін сипаттаудағы тұғырлардың кең диапазоны байқалады. Эмоционалды интеллект феномені ең көп талқыланатын мәселелердің бірі ретінде болуда, бұл ретте оның тұжырым-дамалық өрісіне қатысты көптеген сұрақтарға қазіргі уақытқа дейін әлі сенімді жауаптар табылмай отыр. Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық денсаулығы және даму мәселесі қазіргі замандағы психологтардың назарын аударып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар, дамудың әлеуметтік жағдайы баланың психикасын дамытудың негізгі факторы, соның ішінде, баланың психомоторлы және танымдық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып табылатыны белгілі.Мақалада балалардың эмоционалды интеллектін зерттеудің және диагностикалаудың жалпы тұғырлары мен принциптері қарастырылған, ересек мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалау жұмысын жүргізудің өзгешелігі көрсетілген, сонымен бірге, ересек мектеп жасына дейінгібалалардың эмоционалды интеллектін эксперименттік зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында психологиялық әдістемелер кешенін тәжірибеге ендіру жүзеге асырылған, оларды авторлар негіздемелік тұрғыда ересек мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциналды интеллектін диагностикалаудың құралдары ретінде қолдануды ұсынады.