СТУДЕНТТЕРДЕГІ ПЕРФЕКЦИОНИЗМ, АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРОКРАСТИНАЦИЯ ЖӘНЕ ӨМІРГЕ ҚАНАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты –университет студенттеріндегі перфекционист тұлғалық қасиеті олар-дағы академиялық прокрастинация мен өмірге қанағаттануын болжайтынын анықтау. Зерттеуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 студенті қатысты. Деректер тұлғаның перфекционистік қасиетін зерттеуге арналған көп өлшемді перфекционизм шкаласы, академиялық прокрастинацияны зерттеу үшін студенттердегі прокрастинацияны бағалау шкаласы және өмірге қанағаттанушылықты зерттеу үшін өмірге қанағаттану шкаласының көмегімен жиналды. Зерттеу нәтижелері бойынша регрессиялық талдау жүргізілді. Талдау қорытындысына сәйкес, тұлғаның өзіне бағдарланған перфекционистік қасиеті академиялық прокрастинация мен өмірге қанағаттануды айтарлықтай болжайтыны анықталды. Сонымен қатар, өзгеге бағытталған және қоғам анықтаған перфекционизм академиялық прокрастинация мен өмірге қанағаттануды болжаған жоқ.