ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ АЛЕКСИТИМИЯ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ЖАС ЖӘНЕ ЖЫНЫС ТҰРҒЫСЫНАН ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жеткіншектер арасындағы алекситимия беліглерінің таралу ерекшеліктері жас және жыныс тұрғысынан қарастырылды. Алекситимия –адамның өз сезімдерін тану, сипаттау және білдіруде қиындықтарға тап болатын психологиялық феномен. Зерттеу жұмысы жеткіншек жас кезеңіндегі эмоционалдық дамудың ерекшеліктері, сонымен қатар олардың психологиялық денсаулығына әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты–жеткіншектердегі алекситимия деңгейін анықтау, оның жас және жыныс айырмашылықтарымен байланысын эмипирикалық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу барысын-да сауалнама әдісі, эмпирикалық талдау, статистикалық өңдеу тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде қыз балалар мен ер балалар арасындағы алекситимия көрсеткіштерінде статистикалық айырмашылықтар байқалды. Жас ерекшеліктеріне қарай, алекистимия беліглері 12–13 жаста жиі кездесетіні анықталды. Жеткіншектердің эмоцияны қабылдау және оны жеткізу ерекшеліктері талданып, ұлдар мен қыздар арасындағы айырмашылықтар сараланды. Ер балаларда алекситимия белгілері жиі кездесетіні байқалды, бұл олардың эмоцияны білдіруде көп жағдайда тежелуімен түсіндіріледі. Мақалада алынған деректер жеткіншектермен жүргізілетін психологиялық жұмысты жыныс пен жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырудың маңыздылығын айқындайды. Зерттеу нәтижелері мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтардың, даму диагности-касы мен алдын-алу шараларын ұйымдастыратын мамандардың практикалық жұмысында қолдануға тиімді.