Raspberry pi қолдану арқылы нүктелік суаруды басқарудың роботтандырылған жүйесі

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2025_37_2_11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада өсімдіктерді нүктелік суарудың автоматтандырылған жүйесін жасау процесі қарастырылады, оның ішінде компьютерлік көру және робототехникалық жүйелерді қолдану мәселелері зерттеледі. Қазіргі таңда ең алдыңғы қатарлы жүйелердің бірі – Raspberry Pi 4 шағын-компьютері мен веб-камера арқылы жұмыс істейтін FPV-агророботтар. Бұл жүйе өсімдіктің тамырына дәл суару үшін визуалды деректерді нақты уақытта бақылауға және талдауға мүмкіндік береді. Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету үшін RaspController интернет қосымшасы тиімді таңдау болып табылады, ол интернеттің жергілікті және ғаламдық желілерінде қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Осы қосымша арқылы GPIO пиндеріне және веб-камерадан алынған кескінге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Роботтың жүріс бөлігін басқару L298N микросхемасының басқару пиндерін кодтау арқылы жүзеге асырылады. FPV-агророботты басқарудың ерекшелігі – машиналық көру арқылы суару нүктесіне дейінгі қозғалыс траекториясының ақ сызығы мен әрбір өсімдікті суару дозасын анықтайтын көлденең ақ жолақтарды интеллектуалды тану. Агророботтың прототипі сынақтан өтіп, жартылай өнеркәсіптік үлгісін жасауға мүмкіндік берді, ал нүктелік суару әдісін қолдану, су шығынын 50%-дан астам үнемдеуге ықпал етеді.