ПРОБЛЕМАЛЫҚОҚЫТУТЕХНОЛОГИЯСЫНБОЛАШАҚМҰҒАЛІМДЕРДІҢПАТРИОТТЫҚСАНАСЫНҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚШАРТЫРЕТІНДЕҚОЛДАНУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.77.2.011
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі заманда ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, отаншыл әрі ұлтжанды педагог мамандарды даярлау — қоғамның басты сұраныстарының бірі. Себебі, ұстаз — жас ұрпаққа білім ғана емес, сонымен қатар, тәрбие де беретін, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын негізгі тұлға. Осы мақалада болашақ мұғалімдердің патриоттық сана-сезімін қалыптастыруда проблемалық оқыту технологиясын (Problem-Based Learning – PBL) қолданудың тиімділігі қарастырылады.Студенттердің ұлттық құндылықтарға негізделген азаматтық ұстанымын қалыптастыруда проблемалық оқытудың әдістемелік және тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау – осы мақаланың негізгі мақсаты. Зерттеу аясында аталған технологияның патриоттыққа баулудағы тәжірибелік әсері мен практикалық артықшылықтары жан-жақты сараланды.Ғылыми және практикалық маңыздылығы – проблемалық оқытудың болашақ педагог тұлғасын жан-жақты дамытуға ықпал етуінде. Зерттеу барысында теориялық талдау, сауалнама, педагогикалық жағдаяттарды модельдеу әдістері қолданылды. Авторлық сауалнама негізінде болашақ мұғалімдердің бұл технологияға деген көзқарасы анықталды.Зерттеу нәтижесінде проблемалық оқыту әдісі студенттердің отансүйгіштік қасиеттерін дамытуда оң нәтиже беретіні дәлелденді. Олар нақты проблемаларды шешу барысында тарихи-мәдени мәні бар контекстермен жұмыс жасап, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйренеді.Мақалада алынған деректер бұл технологияның оқу процесіне сәтті енгізілуі студенттердің кәсіби және патриоттық дамуына тиімді ықпал ететінін көрсетті. Сондықтан проблемалық оқыту – болашақ мұғалімді ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарты ретінде ұсынылады. Сонымен қатар, бұл тәсіл болашақ мамандардың сыни ойлау, талдау және шешім қабылдау қабілеттерін дамытумен қатар, олардың кәсіби мотивациясын арттыруға да зор әсер етеді. Осылайша, проблемалық оқыту технологиясы болашақ педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттырып, оларды қоғам үшін маңызды тұлғаларға айналдыруға бағытталады.