Аннотация
Бұл шолулық мақала байытылған қант өндіру технологиясына және оны оқу процесіне енгізу арқылы білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына бағытталған. Байытылған қант – құрамында дәрумендер, микроэлементтер және басқа биологиялық белсенді заттар бар тағам өнімі ретінде, халық денсаулығын жақсартуға және функционалдық тағам нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл технологияның өндірістік тиімділігімен қатар, оқу-танымдық үдерісте пайдалану әлеуеті де зор. Білім беру тұрғысынан алғанда, нақты өндірістік технологияларды оқу мазмұнына енгізу білім алушылардың ғылыми ойлау қабілетін, дербестігін, талдау және интерпретация жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеулерде кездесетін әдістемелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары, олардың артықшылықтары мен шектеулері салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар, технология мен педагогика арасындағы өзара байланысты жүзеге асырудың нақты жолдары мен тәжірибелік модельдерге сипаттама берілді. Зерттеушілік құзыреттілік ұғымы білім алушылардың ғылыми әрекетке бейімділігін қалыптастырудың теориялық негізінде талданды. Шолу нәтижелері байытылған қант өндірудің оқу процесіне енгізілуі студенттердің зерттеушілік белсенділігін арттырып, олардың кәсіби-құзыреттілік деңгейін көтереді деген болжам жасауға негіз болады. Сонымен қатар, бұл бағытта ғылыми модельдер мен құзыреттілікті бағалау әдістерінің толық қалыптаспағаны да айқындалды. Аталған зерттеу білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, практикалық оқытудың мазмұнын байытуға өз үлесін қоса алады. Данная обзорная статья посвящена технологии производства обогащенного сахара и путям формирования исследовательской компетентности обучающихся путем его внедрения в учебный процесс. Обогащенный сахар-как пищевой продукт, содержащий витамины, микроэлементы и другие биологически активные вещества, позволяет улучшить здоровье населения и расширить рынок функциональных продуктов питания. Помимо эффективности производства, эта технология также имеет большой потенциал для использования в учебно-познавательном процессе. С образовательной точки зрения внедрение конкретных производственных технологий в содержание обучения способствует развитию у обучающихся способности к научному мышлению, самостоятельности, навыков анализа и интерпретации. Сходства и различия методологий, обнаруженных в исследованиях, их преимущества и ограничения были относительно проанализированы. Кроме того, дана характеристика конкретных путей и экспериментальных моделей реализации взаимосвязи технологии и педагогики. Понятие исследовательской компетенции проанализировано на теоретической основе формирования склонности обучающихся к научной деятельности. Результаты обзора послужат основанием для предположения, что внедрение производства обогащенного сахара в учебный процесс повысит исследовательскую активность студентов и повысит их профессионально-компетентностный уровень. Вместе с тем, в данном направлении выявлена неполная сформированность научных моделей и методов оценки компетенций. Данное исследование может усилить связь между образованием и производством и внести свой вклад в обогащение содержания практического обучения. This review article is devoted to the technology of fortified sugar production and ways of developing students' research competence by introducing it into the educational process. Fortified sugar as a food product containing vitamins, microelements and other biologically active substances helps to improve public health and expand the market for functional foods. In addition to production efficiency, this technology also has great potential for use in the educational and cognitive process. From an educational point of view, introducing specific production technologies into the content of training helps develop students' ability to think scientifically, be independent, and develop skills for analyzing and interpreting. Similarities and differences in the methodologies found in the studies, their advantages and limitations were analyzed in relation to each other. In addition, specific ways and experimental models for implementing the relationship between technology and pedagogy are characterized. The concept of research competence is analyzed on the theoretical basis of developing students' inclination to scientific activity. The results of the review will serve as the basis for the assumption that introducing fortified sugar production into the educational process will increase students' research activity and improve their professional and competence level. At the same time, in this direction, incomplete formation of scientific models and methods of assessing competencies has been revealed. This study can strengthen the connection between education and production and contribute to enriching the content of practical training.