БИЛЕР СОТЫ-ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ІРГЕЛІ ИНСТИТУТЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2025.80.2.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада билер сотының қазақ халқы үшін әлеуметтік-саяси құндылық ретіндегі мәні ашылып көрсетіледі. Мақала қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесінің іргелі институты – билер сотын және оның Қазақстанның қазіргі құқықтық жүйесіндегі ықтимал рөлін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі отандық заңнама мен сот жүйесін жетілдіру қажеттілігімен, сондай-ақ әділ сот төрелігінің тиімділігін арттыру мақсатында ата-баба дәстүрлерінің ғасырлық тәжірибесін пайдалану ниетімен айқындалады. Қазақтың дәстүрлі «Жарғы» құқығымен би соты әділдігін кешенді әрі салыстырмалы түрде зерттейтін арнайы мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтын құрудың орындылығы негізделіп, осындай орталықтардың жергілікті құқықтық ерекшеліктерді ескерудегі рөлін көрсететін шетелдік тәжірибе (Канада, Аустралия) мысалға келтірілген. Ата-баба дәстүріне жүгіну қажеттігі елдің қолданыстағы құқықтық және сот жүйесін түбегейлі жетілдіру талабынан туындайды. Сонымен қатар, шетелдік (әсіресе, дүниежүзілік соттар қызметін ұйымдастыру тәжірибесі) үлгілерді зерделеу отандық заң шығарушының мұқият назарына аударуға лайық екені атап өтіледі. Ауыл тұрғындары үшін сот қорғауының қолжетімділігін арттыру және аудандық соттар судьяларының жүктемесін азайту мақсатында би сотын елдің бірыңғай сот жүйесіне бірінші сатыдағы сот ретінде енгізу орынды деп саналады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы билер соты туралы» дербес заң қабылдау қажеттігі айқындалды.