Қылмыстық жауапкершіліктен босату институтының құқықтық табиғаты жөнінде

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2025.80.2.008
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қылмыстық жауаптылықтан босату институты әр уақытта қылмыстық-құқықтық доктрина мен практикадағы өзекті және маңызды мәселелердің бірі болып келген. Сот практикасында қылмыскердің кінәсі анықталады және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы (өзге де ықпал ету шаралары) тағайындалады. Бірақ бұл тағайындалған шара қаншалықты тиімді болады деген сұраққа жауап — бұл жеке сұрақ. Қылмыстық заңнаманың түпкі мақсатына жету маңызды десек те, күні бүгінге дейін ғылымда қылмыстық жауаптылық және қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымдарына қатысты бірыңғай түсінік жоқ. Бұл қылмыстық жауаптылықтан босату жөніндегі норманы құқық қолдану тәжірибесінде жүзеге асыруда қайшылықтарды жиі тудырады. Мақалада қылмыстық жауапкершіліктен босату институтының қылмыстық құқықтағы орны қаралады. Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық мәжбүрлеуді шектеу және жұмсарту үрдісін көрсетеді. Бұл ретте қылмыстық жазадан босатуды тек жеке тұлғаның ерекшеліктерін мұқият зерттегеннен кейін, оның түзеуге мүмкіндігі болса ғана және әрбір нақты жағдайда қолдануы тиіс. Қылмыстық жауапкершіліктен босату — жазаны орындаудан ғана емес, сонымен қатар жазалау шарасын тағайындаудан да босату дегенді білдіреді. Авторлар субъектінің қылмыстық іс-әрекет жасағаннан кейінгі оң мінез-құлқын бақылай отырып, оның қоғамға қауіптілігін жоғалтқандығына көз жеткізу қылмыстық жауаптылықтан босатудың жалпыға ортақ шарты болғаны дұрыс деген тұжырымға келеді.