ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САЯСИ ҚАТЫСУ ӘЛЕУЕТІ: ТӨМЕНДЕУІ НЕМЕСЕ ҚАЙТА ФОРМАТТАЛУЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.86.2.008
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы саяси қатысуға арналған зерттеудің кейбір нәтижелері берілген. Алғышарттар авторлардың COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдары нәтиже-сінде туындаған наразылық көңіл-күйлерін зерттеуден туындап, бұл өз кезегінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы алдындағы факторлардың бірі болды. Сондықтан бұл зерттеу бүгінгі таңдағы тұрғындардың әлеуметтік және саяси белсенділігіндегі өзгерістерді анықтауға бағытталған. Конвенционалдық және конвенционалдық емес, дәстүрлі және әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрлеріне ерекше назар аударылады.Әдебиеттерді талдау негізінде саяси қатысу теориялары, оның түрлері, сондай-ақ шетелдік және отандық зерттеушілердің назарын аудартқан негізгі аспектілер зерттелді. 2021 және 2024 жылдардағы сандық сауална-малар деректерінің салыстырмалы талдауы ұсынылып, оның нәтижелері саяси ынталанудың түрлі формаларына сұраныс пен таралуын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстан аймақтарында жүргізілген фокус-топтық талқылаулар әдісі тұрғындардың негізгі ақпарат көздерін, қатысудың цифрлық түрлерін қолданудың және билік органдарымен байланыс ерекшеліктерін анықтады.Осылайша, мақалада қазақстандықтардың саяси мінез-құлқының ба-сым формалары ашылып, әлеуметтік топтардың қатысу ерекшеліктері көрсетіледі, саяси қатысудың түрлі формаларын пайдалану сұранысындағы өзгерістер түсіндіріліп, олардың әлеуеті талданады.