Аннотация
Мақалада сөзшығармашылық дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері, олардың сөйлеу және танымдық қабілеттеріне әсері талданады. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (СТЖД) III деңгейдегі балалардың сөзшығармашылық дағдыларының дамуы қарастырылады. Логопедиялық қолдау мен арнайы түзету жұмыстарының маңызы ашылып, тиімді әдістемелік тәсілдер сипатталады. Баланың ішкі әлемі, балалық шақтың ерекшелігі – біздің өміріміздегі көптеген өзекті мәселелерді шешуге кілт бола алады. Баланың сөзшығармашылық және интеллектуалдық әлеуеті шексіз, алайда олардың жүзден бір бөлігі ғана қолданылуда десе болады. Бұл әлеуетті ашу және оны жүзеге асыру – өте күрделі міндет. Баланың тұлғасын тәрбиелеудегі мақсат – адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен ойлай алатын, белсенді, бастамашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады. А.М. Шахнарович, Н.М. Юрьева, Е.Е. Кравцова, Т.Н. Ушакова, К.И. Чуковский, К.Д. Ушинский, С.Н. Цейтлин және т.б. сияқты ғалымдар балалар сөзшығармашылығы туралы зерттеулер жүргізіп, уақтылы дамыған бала сөйлеу тіліндегі сөзшығармашылық дағдысы алдағы уақытта сөзжасам дағдысының еш қиындықсыз дамуына әсер етеді.