Зонд теориясы негізінде төменгі температуралы және импульсті плазма ағынындағы иондар мен электрондардың концентрациясын анықтау

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2025-151-2-32-44
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Плазма - заттың төртінші күйі және квазибейтарап орта болғанымен, әдетте плазманы жоғарғы және төменгі температуралы, теңгерілген және теңгерілмеген, идеал және идеал емес деп қарастырамыз. Сәйкесінше, оларды зерттеуде әртүрлі әдістер мен құралдар қолдануымыз қажет. Бірақ біз бұл мақалада жасанды плазманың кей түрлеріне бірдей зерттеу теориясын қолдануға болатындығын көрсетеміз немесе алынған физикалық шамаларды тексеру мақсатында өзге әдісті қолданамыз. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде төменгі температуралы плазмадағы (солғын разрядтағы) иондар мен электрондар концентрациясы электр зонды әдісі арқылы анықталды. Зертханада цилиндр типтес электр зондын қолданып, оған вольт-амперлік сипаттама жасауға болады. Бұдан бөлек, Фарадей цилиндрі көмегімен импульсті плазма ағынындағы иондардың энергиясы анықталды. Фарадей цилиндріне келіп түскен зарядтар ішкі электродтың бетіне соқтығысады. Нәтижесінде электр тізбегінде пайда болған токты осцилограф көмегімен тіркейміз. Фарадей цилиндрі көмегімен иондардың концентрациясын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ біз төменгі температураны зерттеудегі электр зондқа қатысты теорияны қолданамыз. Мақала аясында осы екі әдіспен алынған плазмалардың құрамын, ондағы электрондардың жылдамдығын және олардың концентрациясын есептеуге арналған теңдеулерді қолдана отырып, плазманың квазибейтарап орта екенін дәлелдейміз.