Медреселердің даму эволюциясы және қазақ даласындағы медреселер

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254224
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада VII ғасырда қалыптасқан мұсылмандық білім беру дәстүрінің шынайы көрінісі болған медреселердің тарихи эволюциясы мен олардың Қазақстан аумағындағы діни-мәдени рөлдері талданады. Авторлар медреселердің қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі ықпалы мен олардың дәстүрлі және заманауи білім беру арасындағы байланыстырушы рөлін қарастырады. Зерттеу мақсаты – медреселердің пайда болу алғышарттарын, ортағасырлық ислам қоғамына қосқан ғылыми-мәдени үлесін және тәуелсіздік кезеңінен бергі институционалдық трансформациясын кешенді түрде сипаттау арқылы олардың қазіргі діни-қоғамдық маңызын айқындау. Әдіснамалық тұрғыдан тарихи-салыстырмалы талдау, контент-талдау және архивтік деректерді интерпретациялау әдістері пайдаланылды. Нәтижелер медреселердің қазақ жерінде қалыптасқан кезеңдеріне, құрылымдық ерекшеліктеріне және оқу мазмұнына жүйелі шолу жасап, олардың рухани және мәдени өмірді түрлендірудегі ықпалын ашады; оңтүстік өңірлердегі таралу қарқыны мен ұлттық зиялыларды қалыптастырудағы үлесі нақты мысалдармен дәлелденді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен медреселердің қайта жандануы, колледж мәртебесіне ие болуы және заманауи білім стандарттарын енгізуі олардың дәстүр мен инновацияны ұштастыратын ықпалдастырушы институтқа айналғанын көрсетеді. Зерттеу қорытындылары исламтану, дінтану, тарих, педагогика және мәдениеттану салаларындағы ғылыми ізденістер аясын кеңейтеді әрі діни білім беру саясатын жетілдіруге практикалық бағдар ұсынады. Түйін сөздер: дін, ислам, тарих, медресе, діни сауат ашу