ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257721
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Топырақ – адамзаттың тіршілік ету ортасының баға жетпес ресурстарының бірі. Дегенмен, ғылыми-техникалық төңкерістен кейінгі кезеңдегі даму діңгегінде экономикалық өсімді басымдылық ретінде таңдау топырақтың азуы мен едәуір ластануына әкелді. Ол әртүрлі жолмен ластанады және топырақтың құнарлылығын сақтау мен өнімділікті арттыру мақсатында ластану үдерісін бақылаудың өзектілігі айқын. Топырақтың ластануы кейбір топырақ элементтері мен басқа заттардың мөлшері адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің тіршілік етуі үшін ұсынылған деңгейден асып кеткен кезде пайда болады. Мақалада Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан аграрлы-индустриалды аймақ – Қызылорда облысының топырақ жамылғысына антропогендік әсердің күшеюі нәтижесінде техногендік ластану себептері мен салдары отандық және шетелдік еркін қол жетімді ғылыми әдебиеттерге шолу және талдау жүргізу арқылы жинақталып, сараланған. Сыр өңірі топырақ жамылғысының техногендік сипаттағы негізгі ластаушы көздеріне - радионуклидтер, мұнай және мұнай өнімдері, урбанизацияланған аймақтар және зымыран-тасығыштардың жанармай құрам-бөліктері жататындығы анықталды. Шолу барысында өңірдің биологиялық ресурстарының жай-күйі әлемдік ғылыми қауымдастықтың жіті назарында екендігі көрсетілген. Бұған белгілі бір дәрежеде облыс территориясында орналасқан Арал теңізі мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының жанама әсері болуы мүмкін