Цифрлық медиа кезеңіндегі жалған ақпарат комбинациялары

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202576205
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпарат мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі – цифрлық дәуірде әлеуметтік желілер коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге ақпарат тарату және қабылдау құралына айналды. Әлеуметтік желілер өз қызметтерін уақыт талабына сай бейімдеп, заманауи трендтерді барынша игеруге тырысады. Зерттеудің мақсаты – қазақстандық factcheck.kz сайтында жарияланған мақалалар негізінде WhatsApp мессенджері арқылы тараған жалған ақпаратты зерделеу және талдау. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу ақпараттың таралуын сараптап қана қоймай, белгілі бір деректердің кеңінен таралу негіздерін анықтауға бағытталған. Жұмыс осы тақырыпты зерттеген ғалымдардың еңбектеріне негізделген. Бүгінгі күні ақпарат тарату және қабылдау оңай әрі жылдам жүзеге асып келеді. Бұл әрине қуантарлық жағдай екені рас. Шындығында қазіргі уақытта ашық дереккөздермен жұмыс жасай алатын, сапалы ақпарат беруде заманауи технологияларды тиімді қолдана алатын мамандарға сұраныс артып келеді. Дегенмен ақпараттың тез таралуы, жалған ақпаратқа байланысты тәуекелдердің бар екенін де айта кеткеніміз жөн. Оның нәтижесінде оқырман санасын арбап, оларды нақты фактілердін ақ-қарасын ажырата алмай қалуы да мүмкін. Осылайша, оқырмандар жалған үгіт-насихатқа немесе манипуляциялық ақпаратқа сену мүмкіндігі жоғарылайды. Зерттеудің ғылыми идеясы – WhatsApp мессенджерінде таратылатын жалған ақпараттың саны мен сапасын талдау. Сондай-ақ, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін де анықтау. Бұл оқырмандардың сыни ойлауының дамуына өз әсеріп береді. Зерттеуде сонымен қатар журналист ақпарат тарату кезінде қандай принциптерді басшылыққа алатынын да қарастырады. Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері арқылы ақпарат алмасу және коммуникация өте жылдам дамыды. Себебі, мессенджерде қазіргі заман талабына сай қоғамның қажеттіліктері мен оның мүдделерін барынша қанағаттандырады. Осы арқылы мессенджер пайдаланушыларға жеке бренді дамытуға, сондай-ақ ақпаратты жылдам жариялап, таратуға көмектеседі деп санаймыз.