Аннотация
Мақалада еліміздегі кедендік бақылаудың ұғымы, ерекшеліктері және құқықтық мәні қарастырылады. Қазіргі кезде сыртқы сауда айналымының дамуына байланысты кеден құқығының кедендік бақылау институтын кешенді зерттеу өзекті болып отыр. Кедендік бақылау мемлекеттік бақылау жүйесінің бөлігі болып табылады, оның мазмұны мемлекеттік кеден саясатымен анықталады. Қазақстан Республикасы экономикасының жай-күйі, халықаралық сауда көлемінің ұлғаюы және кеден заңнамасын бұзушылықтың азаюы көбінесе сапалы және тиімді жүргізілген кедендік бақылауға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, кедендік бақылаудың ұғымын, ерекшеліктерін және оның құқықтық мәнін нақты анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл мақалада кедендік бақылаудың ұғымы, ерекшеліктері мен құқықтық мәні әмбебап және салыстырмалы құқықтық талдаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қарастырылады. Мақаланың қорытындысында авторлар кедендік бақылауды сипаттайтын негізгі белгілері мен ерекшеліктерін анықтайды, сонымен қатар өздерінің кедендік кедендік бақылау туралы ұғымын ұсынады.