Аннотация
Бұл мақалада ағылшын тіліндегі полисемантикалық сөздерді талдау және олардың қазақ тіліне аударылуы қарастырылады. Ағылшын тіліндегі полисемия және оның туынды сөздерінің қазақ тілінде бірнеше баламасы болатындықтан, аударма жұмысын орындау кезінде көп жағдайларда олардың дұрыс баламасын таңдау мәселесі бірқатар қиындықтар туғызады. Бір тілден екінші тілге аударма жасауда мұндай қиындықтарды болдырмау үшін контекстпен қатар аударылым жасалып жатқан тілдің тілдік нормасына назар аударып, көп мағыналы сөздердің қандай контексте, қандай мағынада қолданылатынын анықтап, баламасын табу қажет.