ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ТЕРГЕУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/1728-550x.2025.80.1.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада құқық қорғау қызметінің жұмысын, оның ішінде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алудағы жасанды интеллектінің маңызы сондай-ақ қылмыстық процестік тергеу әрекеттеріндегі жасанды интеллект атқаратын іс-әрекеттері мен тәуекелдері қарастырылады. Жасанды интеллект технологияларының дамуы түрлі салаларда, соның ішінде құқық қорғау қызметі саласында үлкен өзгерістер мен көптеген мүмкіншіліктер әкелуде. Қылмысты ашу және тергеуде Жасанды интеллект үлкен көлемдегі деректерді талдау, үлгілерді анықтау, күдіктілерді іздеу және басқа да көптеген тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Мақалада жасанды интеллектінің тергеушілер мен криминалистерге қылмыстық құқықбұзкшықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу мен тергеудегі тиімділігі және деректерді талдау мен іздеудегі, үлгілерді анықтау, болжам жасаудағы артықшылықтары қаралады. Жасанды интеллектінің көмегімен орындалған әрекеттері баяндалады. Сонымен қатар жасанды интеллект-бұл адамды, яғни құқық қорғау органы қызметкерлерін алмастырушы емес, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын оңайлатуға және жылдамдатуға арналған көмекші құрал екендігі айтылады. Жасанды интеллектінің негізгі мақсаты –көмектесу, адамның жұмысын жеңілдету және өз жұмысының тиімділігін арттыру. Жасанды интеллект пенадамның бірлесіп жұмыс атқаруы қылмыстық құқық жүйесіне оң өзгерістер әкеліп, қылмыстарды анықтау мен жолын кесуде жоғарғы жетістікке жетелейді.