БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ TOPIQ.KZ ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2025/iss1pp49-59
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Г.Т. Қартбаева, Қ.С. Балапанова, Қ.Қ. Тұмарбаевамен әзірленген 7- сыныптың «Биология» электронды оқулығын оқу үрдісінде қолданудың тиімділігін зерделеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі оқу үдерісін жедел цифрландырумен, биологияны оқытудың көрнекілігі мен интерактивтілігін арттыру қажеттілігімен, сонымен қатар оқытуды дараландырудың тиімді шешімдерін іздеумен байланысты. Мақаланың мақсаты – TopIQ платформасындағы электронды оқулықтың білім алушылардың білім беру нәтижелеріне, олардың оқу процесіне қатысуына және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға әсерін талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу әдістері қолданылды: сауалнамалар, салыстырмалы талдаулар, сынақтар және бақылаулар. Зерттеу барысында цифрлық форматтың артықшылықтары анықталды, оның ішінде қолданудың қарапайымдылығы, білім беру мазмұнының қолжетімділігі, интерактивті тапсырмалар және оқушыларға биологиялық үрдісті модельдеуге мүмкіндік беретін виртуалды зертханалық жұмыстар. Авторлар электронды оқулықтарды одан әрі жетілдіру, оның ішінде интерактивті мүмкіндіктерді кеңейту, мазмұнды мектеп оқушыларының жеке білім беру қажеттіліктеріне бейімдеу, пәнаралық байланысты нығайту бойынша ұсыныстарын ұсынады. Биологиялық пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған жаңа цифрлық құралдарды әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада мектептегі білім беруді жаңғыртуда цифрлық технологиялардың маңыздылығы мен биологиялық білім беру сапасын арттыру үшін оларды дәстүрлі оқыту әдістеріне кіріктіру қажеттігі айтылады.