ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДЫҢ РЕТРОИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2025/iss1pp3-11
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада «лингвистикалық интеллект» ұғымының ерекшеліктері мен оны дамытудың ретроинновациялық принциптері қарастырылды. Термин қазіргі ғылым жағдайында экстралингвистикалық факторлардың ықпалына байланысты өзекті болып отыр. Оның құрылымдық жүйесін қалыптастыру, дамыту жолдары мен әдістемесін айқындау басты міндеттердің бірі. Әсіресе, жоғарғы оқу орны студенттерінің лингвистикалық интеллектісін жетілдірудің тәсілдерін анықтау зияткерлік қабілеті жоғары мамандарды даярлауға ықпал етеді. Әрі тілдің тұлға және қоғам дамуындағы қызметі мен рөлін жаңаша саралауға жол ашады. Аталған мақсатқа қол жеткізу білім алушылардың интеллектуалды қабілеттерін жоғарылатудың тың тетіктерін көрсетеді. Дегенмен қазіргі уақытқа дейін отандық ғылым тарапынан лингвистикалық интеллектіні дамытуға байланысты қадамдар толық өз бағасын алмай келеді. Сол себепті ұлттық болмыс пен тілді қолданушылардың ерекшеліктеріне негізделген дамыту әдістерін белгілеудің маңызы зор.