THE USE OF MEDICINAL PLANTS WITH ANTIHYPERTENSIVE PROPERTIES IN MEDICINE (LITERATURE REVIEW)

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2025.42.20.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Фитотерапия қазіргі медицинаның маңызды бөлігі болып табылады, әсіресе гипертонияны емдеуде. Антигипертензивті қасиеттері бар дәрілік өсімдіктер дәстүрлі және баламалы медицинада кеңінен қолданылады. Бұл шолудың мақсаты – өсімдік компоненттерінің қан қысымына әсерін талдау және жүйелеу. Материалдар мен әдістер 2013–2024 жылдар аралығында PubMed, Google Scholar, CyberLeninka, e-Library және WILEY деректер базаларында жүйелі әдеби іздеу жүргізілді. Іріктеу критерийлеріне жүйелі шолулар, мета-анализдер және ашық қолжетімді түпнұсқалық зерттеулер кірді. Жарнамалық жарияланымдар мен жеке хабарламалар алынып тасталды. Нәтижелер Зерттеу нәтижелері фитопрепараттардың құрамында ментол, флавоноидтар, эфир майлары және басқа да белсенді компоненттер бар екенін және олардың қан тамырларын кеңейтуге, қан қысымын төмендетуге және гипертония симптомдарын азайтуға көмектесетінін көрсетті. Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктердің компоненттері мен цитохром P-450 арқылы дәрілік заттардың метаболизмі арасындағы байланыс анықталды. Талқылау Гипертонияны емдеуде фитопрепараттарды қолдану үшін олардың оңтайлы дозасын анықтау және ықтимал дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу мақсатында қосымша клиникалық зерттеулер қажет. Сонымен қатар, фитотерапия дәстүрлі терапияға балама немесе қосымша құрал ретінде перспективалы бағыт болуы мүмкін. Қорытынды Фитотерапия гипертонияны емдеуде болашағы зор бағыт болып табылады. Фитопрепараттарды клиникалық практикаға енгізу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша зерттеулер қажет