Қазақстан Республикасының аграрлық секторындағы маркетингтің дамуын талдау

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(58).15
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының аграрлық секторында маркетингтік кешен элементтерінің (өнім, баға, өткізу, жылжыту) қолданылу деңгейі мен цифрлық маркетинг құралдарының енгізілуі қарастырылды. Зерттеу Алматы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы құрылымдары мен нарықтық тетіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді. Өңірлік айырмашылықтар негізінде маркетингтік басқару тәжірибесінің даму деңгейін бағалау және аграрлық цифрлық шешімдердің таралу аясын талдау көзделді. Зерттеу барысында салыстырмалы-талдау, жүйелі және мазмұндық талдау әдістері қолданылды. Ресми статистикалық деректер, отандық және халықаралық ғылыми жарияланымдар, сала мамандарының тәжірибесі негізге алынды. Әдебиетке шолу барысында маркетингтік стратегиялар мен цифрлық трансформацияның ауыл шаруашылығына әсері сипатталды. Талдау нәтижесінде Алматы облысында фермерлердің әлеуметтік желі мен тікелей сауда арқылы цифрлық маркетингке ішінара көше бастағаны, Түркістан облысында маркетингтік құралдарды қолданудың төмен деңгейі, ал Солтүстік Қазақстанда өндірістік цифрландыру қарқыны жоғары болғанымен, тұтынушыға бағытталған маркетингтің жеткіліксіздігі анықталды. Барлық өңірлер үшін ұсақ шаруашылықтардың кооперацияға бірікпеуі, сақтау және логистикалық инфрақұрылымның әлсіздігі, маркетингтік білім мен цифрлық дағдылардың тапшылығы ортақ түйткіл ретінде танылды. Зерттеу қорытындысында аграрлық секторда маркетингтік басқару сапасын арттыру және цифрлық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар саланың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және агробизнес субъектілерінің нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. The article examines the application level of marketing mix elements (product, price, place, promotion) and the implementation of digital marketing tools in the agricultural sector of the Republic of Kazakhstan. The study was conducted considering the characteristics of agricultural structures and market mechanisms in the Almaty, Turkestan, and North Kazakhstan regions. The aim was to assess the development level of marketing management practices and analyze the dissemination of agricultural digital solutions based on regional differences. The research employed comparative analysis, systematic analysis, and content analysis methods. Official statistical data, domestic and international scientific publications, and industry experts' experiences were analyzed. The literature review described the impact of marketing strategies and digital transformation on agriculture. The analysis results indicated that in the Almaty region, farmers have begun partially transitioning to digital marketing through social media and direct sales; in the Turkestan region, the usage level of marketing tools remains low; in the North Kazakhstan region, despite a high rate of production digitalization, there is a lack of consumer-oriented marketing. Common issues across all regions include the absence of cooperation among small farms, weak storage and logistics infrastructure, and a shortage of marketing knowledge and digital skills. The study concludes with recommendations to improve the quality of marketing management and implement digital technologies in the agricultural sector, aimed at enhancing the industry's competitiveness and ensuring the stability of agribusiness entities in the market.