ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫС ФАКТОРЛАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(58).19
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫС ФАКТОРЛАРЫБұл мақалада Қазақстандағы жастар жұмыссыздығының экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылыққа әсері жан-жақты зерттелді.Жастар жұмыссыздығының ел экономикасына тигізер салдары мен оның негізгі себептері кешенді түрде талқыланды.Еңбек ресурстарының толық пайдаланылмауы, өндірістің төмендеуі секілді жұмыссыздықтың теріс әсерлері сараланды.Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы жастар жұмыссыздығы деңгейіндегі ерекшеліктер қарастырылып, жұмыссыздықтың аймақтық теңсіздікке ықпалы бағаланды.Жастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде жұмыссыздықтың әлеуметтік шиеленіс тудыру қаупі мен наразылық шараларына қатысуға дайындық деңгейі анықталды, экономикалық және әлеуметтік факторлардың қақтығыстарды күшейтуге әсері талданды.Мақалада мемлекеттік басқарушылар мен жергілікті билік органдарына жастар жұмыссыздығын реттеуге қатысты ұсыныстар берілді.Сонымен қатар жұмыссыздықтың деңгейі, динамикасы және аймақтық ерекшеліктеріне қатысты салыстырмалы талдау жасалды.Ресми статистикалық деректердің негізінде білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіби даярлау бағдарламаларын енгізу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жұмыс орындарын құру және аймақтық экономикалық теңсіздікті азайту бойынша кешенді шаралар ұсынылды.Әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу, жастардың еңбек нарығына қатысу деңгейін арттыру және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты жетілдірудің маңызды рөліне назар аударылды.