ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.83.1.013
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары Қонаев қаласының саяси, экономикалық, мәдени ықпалының күшеюіне және аумағының ұлғаюы, тұрғындар санының артуы, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың көбеюіне байланысты инфрақұрылымдық түйткілдер өзекті мәселе ге айналып отыр. Қонаев қаласының орнықты дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық өрлеуді ынталандыру және туризмді дамыту үшін қаланың инфрақұрылымын шұғыл түрде жаңғырту маңызды міндет болып табылады. Осыған сәйкес, «Қонаев қаласының инфрақұрылымын модернизациялау мәселелері» тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл мақалада Қонаев қаласының қазіргі таңдағы инфрақұрылымдық ахуалы және оны модернизациялау мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында қаланың көлік, инженерлік, әлеуметтік және туристік инфрақұрылымдарының жағдайына талдау жасалып, оны жақсарту жолдары бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Зерттеу әдістері ретінде мәліметтер базасымен жұмыс: жинақтау, талдау, синтез, салыстырмалы талдау, статистикалық деректерді талдау қолданылды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Қонаев қаласының инфрақұрылымын модернизациялаудың өзектілігін анықтау және оны тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беру болып табылады. Инфрақұрылымды модернизациялау Қонаев қаласының тұрақты дамуы үшін маңызды шарт болып табылатындықтан, зерттеу нәтижелері болашақта жүргізілетін зерттеулер үшін бағыт-бағдар беретін әдістемелік негіз болады.