Аннотация
География білім беру бағдарламасы студенттерінің STEM білім беру процесін зерттеуді картографиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді тәжірибе үдерісінде оқыту өзекті болып табылады. Зерттеу барысында тереңдету қажеттілігі сияқты әртүрлі негізгі мәселелер анықталды: ГАЖ технологиясы теориялық негіздерін зерттеу, ағымдағы ArcGIS-ті пайдалану және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолжетімділіктің шектелуі және жұмыс тәжірибесінің болмауы, деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи әдістері туралы. Google формада экспериментке дейінгі тапсырма құрастырылып, білім алушылармен жұмыстар жүргізілді. Білім алушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін, STEM білім беруді картографиялық тұрғыдан зерттеу тәжірибелік сабақтар тапсырмалары әзірленді және оқу үдерісі барысында орындатылды. Зерттеу барысында ArcGIS бағдарламалық пакетін қолдана отырып, тапсырмалар негізінде карталар сызылып, ондағы деректерді талдау әдісі қолданылды. Негізгі гипотеза – картографиялық тәсілдер зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Нәтижесінде деректердің картографиялық талдауы негізінде оң көрсеткіштер алынды. Практикада алынған нәтижелер білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді, ал ұсынылған әдістер STEM бағытындағы тапсырмаларды тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабақтарда картографиялық деректерді зерттеу жұмыстарын тиімді пайдалану әдісін 25 магистрант арасында тапсырма орындай отырып, нәтижелерін эксперимент соңында құрылымдауға және өңдеуге мүмкіндік берді. Әдіс арқылы деректерді картаға түсіру білім алушыларға ғылыми зерттеулерді дәл талдауды және интеграциялауды қамтамасыз етті. Нәтижелер оң көрсеткіштерді, деректер негізінде зерттеу қорытындылар жасалды және STEM-ге негізделген тапсырмаларды бағалау бойынша қорытынды жасалды.