ТАЛДЫҢ СЫҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ (SALIX BABYLONICA L.): ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-2-123-134
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ғылыми жұмыста Salix babylonica L. өсімдігіндегі биологиялық белсенді заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттелді. Жұмыстың негізгі мақсаты – осы заттардың биохимиялық рөлін, олардың фармакологиялық қасиетін және биологияда және онымен байланысты салаларда қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Эксперимент барысында Salix babylonica L. түрінің құрамына кіретін флавоноидтар, таниндер, органикалық қосылыстар және B3, B5 және C дәрумендері сияқты қосылыстарға жан-жақты талдау жүргізілді. Заттардың химиялық құрамы мен функционалдық сипаттамаларын егжей-тегжейлі бағалау үшін талдаудың заманауи әдістері қолданылды, бұл олардың табиғи терапевтік агент ретіндегі әлеуетті құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттелетін қосылыстардың антиоксидантты, қабынуға қарсы және микроорганизмдерге қарсы қасиеттеріне ерекше назар аударылады. Адам денсаулығын нығайтуға бағытталған табиғи препараттар мен өнімдерді жасау үшін өсімдік сығындыларын пайдалану мүмкіндіктері талданды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен экологиядағы практикалық құндылығы, соның ішінде өсімдіктердің қолайсыз экологиялық жағдайларға төзімділігі бағаланды. Нәтижелер осы өсімдіктегі заттардың биологиялық әсерлерінің алуан түрлілігін көрсетеді, бұл оларды биологияда, медицинада және өнеркәсіпте қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс зерттелген өсімдіктің фитохимиялық және функционалдық қасиеттерін терең түсінуге ықпал етеді, сонымен қатар оның ғылыми және практикалық зерттеулердегі инновациялық тәсілдерді әзірлеудегі маңыздылығын негіздейді.