Постнаталды онтогенез кезеңінде қой бауырының салыстырмалы гистологиялық өзгерістері

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-1-130-141
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада постнаталды онтогенез кезеңіндегі қазақтың биязы жүнді қой тұқымы бауырының қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі көріністерін гистологиялық кесінділер жасау арқылы анықтап, зерттеу. Бұл дегеніміз аталған қой тұқымының ас қорыту бездерінің морфологиясы басқа үй жануарларына қарағанда отандық оқу әдебиеттерінде өте аз қамтылғандығын білдіреді. Осы кезеңдерде жануарлардың тұқымдарына қарай ішкі мүшелерінің тапографиялық-анатомиялық және гистологиялық, морфологиялық заңдылықтарын анықтау осы заманның ең алдыңғы және өзектілігі басым бағыт болып табылады. Бұл қазіргі кездегі морфология саласының әрбір органдардың жеке өзгергіштік заңдылықтарын көрсететін нормаларын зерттеумен байланысты. Сойыс өнімдерін диагностикалау, емдеу және ветеринариялық санитариялық сараптаудың тиімді зерттеу әдістерін жасау үшін бауырдың морфологиясының ерекшеліктерін білу маңызды болып келеді. Сол себепті де тәжірибелі ветеринарлар мен ветеринария мамандығының студенттері үшін ас қорыту бездерінің құрылымы туралы толық ақпаратты білу маңызды. Ғылыми зертте жұмысының қорытындысы ол жұқпалы, паразиттік және инфекциялық емес сипаттағы әртүрлі ауруларды диагностикалаудағы патоморфологиялық салыстырмалы кезіндегі кейбір өзгерістерді жақсы түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді. Ас қорыту органның құрылысы мен атқаратын қызметтерін есепке ала отырып бұл туралы макроскопиялық деректер хирургтардың жұмысын жеңілдетеді. Алынған ғылыми зерттеу ақпараттар морфология мен ветеринариялық гепатологияға үлес қосатыны сөзсіз. Постнаталды онтогенез кезеңінде қойдың ас қорытуға қатысатын ең ірі без – бауырды гистологиялық зерттеулер арқылы зат алмасу процесі кезіндегі кездесетін ауытқуларды алдын алуға мүмкіндік береді.