КҮЙДІРУ ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ КРЕМНИЙЛІ ЖЫНЫС–ОПОКА НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫРҒАЛЫҚ КЕРАМИКАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-1-2-177-186
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Дәстүрлі емес керамикалық массалардың аса маңызды физикалық-механикалық қасиеттерінің өзгеруінің негізгі заңдылықтары Тасқала кен орнының опокасы – Погадаев кен орнының монтмориллонитті саз балшығы – күл-қоқыс жүйесіндегі 800-1100 oC күйдіру температуралары аралығында анықталды. Температураның жоғарылауымен орташа тығыздық көрсеткіштері артып, сығымдау күші жоғарылайды. Бұл ретте 900-1100 oС температура аралығында күйдірілген о үлгілерін сығу кезіндегі орташа тығыздық пен беріктік тиісінше 1152 – 1198 кг/м3 және 11,5 - 12,4 МПа шегінде құрайды. Ал су сіңіру көрсеткіштері 35,9 - 38,04% шегінде. Температура интервалында күйдірілген үлгілер саз негізіндегі дәстүрлі керамикалық массалардың үлгілеріне қарағанда (0,46 Вт/(м оС) жылу өткізгіштік коэффициентінің төмен көрсеткіштеріне ие екендігі анықталды ( 0,22 – 0,24 Вт/(м oС). Дамыған елдерде керамикалық материалдардың кеуектілігінің артуы материалдың орташа тығыздығын едәуір төмендетуге және жылу өткізгіштік көрсеткіштеріне 0,14-0,18 Вт/(м°с) дейін жетуге мүмкіндік берді. Үлгілерді рентгенофазалық талдау (РФА) ДРОН-3 арнайы аппаратының көмегімен жүргізілді. Ғылыми-эксперименттік жұмыстарды жүргізу үшін шикізат материалдары ретінде Тасқала кен орнының опокалары, Погадаев кен орнының монтмориллонитті балшығы және Екібастұз ГРЭС – інің күлі пайдаланылды.