ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯМЕН АУЫРАТЫН БҰЗАУЛАРДЫҢ ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ ЛИПИДТЕРДІҢ АСҚЫН ТОТЫҒУ ӨНІМДЕРІНЕ ЖӘНЕ АНТИОКСИДАНТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-1-1-49-59
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ірі қара малдың патологиясында жетекші орындардың бірін жаңа туылған бұзаулардың асқазан-ішек аурулары алады. Олармен бұзаулардың 60-тан 100% - на дейін ауырады және мал шаруашылығы құрылымдарының 80% - дан астамына қандай да бір ауырлық дәрежесінде тіркеледі. Жаңа туылған бұзаулардың жаппай асқазан - ішек патологиялары бүкіл әлемде кең таралған, ал экономикалық залал бойынша олар тыныс алу патологиясынан кейін екінші орында тұр. Мақалада дәрілік өсімдіктерден дайындалған тұнбаларды қолдану аясында диспепсиямен ауыратын бұзаулардың қан плазмасындағы липидтердің асқын тотығу өнімдерінің (ЛАТӨ) құрамы және антиоксиданттық жүйенің (АОЖ) белсенділігі туралы ғылыми зерттеулер нәтижелелері келтірілген. Зерттеулер нәтижесінде фитоадаптогендердің радикалды сипаттағы өнімдердің жиналуына тежегіш әсері олардың құрамындағы флаваноидтардың, таниндердің және тұтқыр заттардың антиоксиданттық белсенділігімен байланысты екендігі анықталды. Бұл заттар бос радикалдардың артық түзілуіне жол бермейді және олардың мембраналардағы концентрациясын төмендетіп, молекулаларды шамадан тыс тотығудан қорғайды. Зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер кешенді фитопрепаратты пайдаланған бұзаулардың 4-ші тәжірибелік тобында бастапқы және қайталама ЛАТӨ өнімдерінің қарқынды төмендеуі анықталды. Кешенді фитопрепараттың әсерінен АОЖ көрсеткіштерінің ұлғаюына қарай елеулі өзгерістер байқалатындығы дәлелденді. Зерттеу нәтижелері фитоадаптогендерді қолдана отырып, ағзадағы тотығу стрессін фармакологиялық реттеу мүмкіндігін айқындайды және бұл тітіркендіргіштің табиғатына қарамастан ағзаның әртүрлі қолайсыз экологиялық факторлардың әсеріне төзімділігін арттырады.