ТҮЙЕЖОҢЫШҚАНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН БИОКЛИМАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯ БАЙЛАНЫСТАРЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-2-3-13
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін түйежонышқа дақылының жаңа сортын шығару мақсатында күрделібуданды популяцияларды поликросс әдісімен жасауда түйежонышқа биотиптерінің өнімділігі, соның ішінде көк балауса өнімділігі, пішен өнімділігі арасындағы корреляциялық байланыс, сонымен қатар химиялық құрамының корреляциялық өзара байланысы, атап айтқанда, шикі протеин, шикі күл, шикі жасұнық, шикі май, АЭЗ, фосфор, қант және кальций мөлшерлері мен биоклиматтық көрсеткіштері арасындағы байланыс есепке алынды. Нәтижесінде осы көрсеткіштер мен ГТК мөлшерлері арасында, сонымен қатар көрсеткіштердің өзара байланыстары орнатылды. Түйежоңышқаның шаруашылық бағалы белгілері мен биоклиматтық көрсеткіштері арасындағы оң тығыз корреляция байланыстары (r=0,66-1,00) – шикі протеин мен АЭЗ, шикі протеин мен фосфор мөлшері; оң орташа корреляция байланысы (r=0,33-0,65) – шикі күл мен шикі жасұнық; көк балауса өнімділігі мен шикі май құрамы; көк балауса өнімділігі мен АЭЗ құрамы; АЭЗ мен фосфор құрамы; көк балауса өнімділігі мен қант құрамы; шикі протеин мен қант құрамы; АЭЗ мен қант құрамы; фосфор мен қант құрамы; шикі күл мен кальций құрамы; шикі жасұнық мен кальций құрамы арасында байқалды.