БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-3-70-80
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ауыл шаруашылығы экожүйелерінде мал азығын өндіру кезінде экологиялық қауіп-қатерлердің туындауы табиғи жүйелердің қоршаған ортаға антропогендік әсер етуінің нәтижесі болып табылады. Ауыр металдар (ХМ), олардың ішінде әсіресе қорғасын, кадмий және мыс сияқты токсиканттар, ауыл шаруашылығында жиі кездесетін ластаушы заттар болып табылады. Бұл металдар топыраққа, су көздеріне және өсімдіктерге түсіп, соңында қоректік тізбек арқылы жануарлар мен адамдарға жетеді. Малдардың жайылымда немесе азықтың басқа түрлерінде тұтыну кезінде ауыр металдардың жинақталуы әсіресе қауіпті. Өйткені, жайылым өсімдіктері бұл металдарды топырақтан сіңіріп алады, ал кейін бұл өсімдіктерді жейтін жануарлар ауыр металдардың қосымша көздеріне айналады. Өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарына металл бөлшектерінің түсуі нәтижесінде олардың беті ластанады, бұл жайылымдағы малдардың қауіп-қатерлерін арттырады. Ауыл шаруашылығы жануарларына қатысты зерттеулерде басты назар шаңда тұнған ауыр металдардың жануарлардың ағзасына қалай өтетініне аударылады. Шаңдағы металдардың өсімдіктердің үстіне тұндырылуы және малдардың осы өсімдіктерді жеуі арқылы бұл токсиканттар қоректік тізбекке енеді. Бұл процестің нәтижесінде металдардың жинақталу деңгейі жайылым кезеңіне байланысты ерекшеленеді, ал жануарлардың сүт, ет өнімдерінде ауыр металдардың концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Сондықтан, мал өнімдерінде ауыр металдардың қауіпін азайту үшін әртүрлі ауылшаруашылық технологияларында экологиялық қауіпсіздік шараларын енгізу қажет. Мысалы, жайылымдарды ауыстыру, тыңайтқыштарды қолдану тәртібін бақылау және экологиялық таза азықтарды пайдалану арқылы экожүйені қорғауға және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.