ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-3-2-260-266
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада автомобилдегі қозғалтқышты басқарудың электронды жүйелері және олардың техникалық жағдайын, жай-күйін бақылау құралдары қарастырылды. Қозғалтқышты басқарудың электронды жүйесінің техникалық жай-күйін олардың нормативтік мәндерін негіздей отырып бағалайтын диагностикалық параметрлер ұсынылды. Қозғалтқышты басқарудың электронды жүйелері және олардың техникалық жағдайын бақылау қазіргі заманғы автомобиль индустриясында шешуші рөл атқарады. Бұл тақырып қозғалтқышты басқарудың электронды жүйелерінің негізгі аспектілерін, соның ішінде олардың жұмыс принциптерін, негізгі компоненттері мен функционалдығын қамтиды. Диагностикалық аспаптарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және деректерді талдау әдістерін қоса алғанда, электрондық жүйелердің техникалық жай-күйін бақылау құралдары да қарастырылады. Сондай-ақ, қозғалтқыштың техникалық жағдайын бақылау құралдары, соның ішінде сезгіштер, диагностикалық сканерлер, бағдарламалық жасақтама және ақауларды анықтау әдістері талданады. Аннотацияда қозғалтқыштың тиімді жұмысын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарының қауіпсіздігі мен үнемділігін арттыру, сондай-ақ олардың көлік секторының экологиялық тұрақтылығына әсері үшін осы технологиялардың маңыздылығы атап көрсетілген. Осы тақырыпта жұмыс істеу автомобильдерді басқару және бақылау жүйелеріне қойылатын заманауи талаптарды, сондай-ақ олардың жалпы автомобиль технологиясының дамуына қосқан үлесін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.