Аннотация
Төтенше жағдай кезінде қауіп төндіретін радиациялық ластануды алдын алу үшін эвакуациялық аймақ белгіленеді. Дегенмен, радиоактивтіліктің қоршаған ортаға таралуы азық-түлік тізбегін ластануына әкеледі және радиоактивті ластану деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмен болса да, топырақтан ауыл шаруашылық дақылдарына немесе жануарлардан алынатын өнімдердің ластануын тудыруы мүмкін. Қазіргі таңда мониторинг жүргізу және оны пайдалану жануарлардың керексіз радиоактивті сәулелермен ластануын алдын - алады, сонымен қатар азық - түлік өнімдеріндегі радиоактивтілік дәрежесін бір қалыпта ұстауға себептігін тигізеді. Қазақстанда да, Батыс Еуропада да Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейін болған ластанған аумақта әлі күнге дейін радиациялық сәулелердің шоғырлану деңгейі өте жоғары. Осы апаттар кезінде сәуленген жануарлар саны өте көп. Осы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстары еліміздің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып төрт облыс таңдалды, яғни Қызылорда облысы, Абай облысы, Алматы облысы және Түркістан облысының эквиваленттік доза мөлшері анықталды. Қызылорда облысында гамма-сәулеленудің дозасының жылдамдығы орташа есеппен 0,45 мкЗв/сағ-қа дейін, ал Абай облысында 0,43 мкЗв/сағ. Алматы облысы мен Түркістан облысы төмендеу 0,25 тен 0,36 мкЗв/сағ-қа тең. Облыстар бойынша көрсеткіштер шектеулі нормадан аспайды.