Аннотация
Бұл ғылыми мақалада өнеркәсіптегі қауіпті өндірістік тәуекелдерді анықтау мәселесі қарастырылады. Өндірістік тәуекелдер жұмысшыларға, қоршаған ортаға және жалпы кәсіпорынға ықтимал қауіп төндіреді. Зерттеудің мақсаты-осындай тәуекелдерді талдау және анықтау үшін тиімді әдістер мен құралдарды әзірлеу. Мақалада қауіпті өндірістік тәуекелдерді анықтау саласында қолданылатын әртүрлі тәсілдер мен әдістер қарастырылады. Негізгі әдістердің бірі-жүйелік тәсілге негізделген тәуекелдерді талдау және бағалау. Осы тәсіл шеңберінде ықтимал қауіптерді сәйкестендіру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асырудың жолдары мен оның салдарын айқындау жүргізіледі. Күнделікті өндірістік қызмет барысында кез-келген өндіріс қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі тәуекелге ұшырайды. Бұл процестер өндірістік кәсіпорындар мен әртүрлі ұйымдардың жұмыс барысы қызметкерге көптеген зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерімен байланысты. Қазіргі кезде жұмыс орнындағы қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді және тек өндірістік шығындарға ғана емес, сонымен бірге адамдарға да әкелетін жазатайым оқиғалардың санын азайтуға айтарлықтай қаражат бөлінеді. Осыған байланысты кәсіби тәуекелдерді бағалау, жұмысшылардың денсаулығын қорғау және олардың еңбек процесінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сондай-ақ кәсіпорындағы тәуекелдерді бағалау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру және еңбекті қорғау жөніндегі қаражатты ұтымды бөлу үшін жеке өндірістік тәуекелді бағалау, нақты жағдайларға сүйене отырып және қызметкерлерді жеке немесе ұжымдық қорғауды жүргізу үшін ұйымның ресурстарын ескере отырып, тәуекелдерді бағалаудың қажетті әдістерін таңдай білу екендігі келтіріледі. Қауіпті өндірістік тәуекелдердің пйда болу проблемалары мен себептері қаралды, сәйкестендіру әдістемесі, анықталған қауіпті және зиянды өндірістік тәуекелдерді бағалау келтірілді. Тәуекелді бағалау өнеркәсіпте технологиялық процестердің қауіпсіздігін басқару әдісі болып табылады және зиянды факторлармен байланысты қауіптің алдын алу немесе азайту жөніндегі шараларды практикалық іске асыру құралы ретінде еңбек процесін іске асыру кезінде жүйелік тәсілдің бөлігі болуы керек. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі шеңберінде кәсіпорында тәуекелдерді бағалау кезінде қолдануға болатын матрицалық әдісі толығырақ қарастырылады. Қауіпті және зиянды тәуекелдерді іздеудің негізгі критерийлері мен элементтері жинақталып, кәсіби тәуекелдерді бағалау карталарын толтыру нұсқалары ұсынылды. Кәсіби тәуекелдердің сауатты жасалған карталары өндірістік жарақаттануды, өлімді немесе жұмыс орнындағы басқа да жазатайым оқиғаларды азайтуға ықпал етуі мүмкін екендігі атап өтілді.