Аннотация
Бұл мақалада ТМГ 250 кВА трансформаторының электромагниттік моделі келтіріліп, электротехникалық болаттан жасалған магнит өзекшесінен тұратын трансформатормен салыстырғанда аморфты қорытпадан жасаслған магнит өзекшесінен тұратын трансформаторды қолданудың артықшылықтары қарастырылған. Тарату трансформаторлары үшін орташа бос жүріс шығындарын болаттан жасалған магнит өзекшесі мен аморфты қорытпадан жасалған магнит өзекшесін салыстыру туралы мәліметтер келтірілген. Трансформатордың электромагниттік моделін салу үшін ANSYS бағдарламасы қолданылды. Тарату трансформаторын өндіру және пайдалану шығындарын азайтудың ең перспективті жолдарының бірі – аморфты (нанокристалды) қорытпалардан жасалған магнит өзекшесін қолдану, бұл ретте дәстүрлі электротезникалық болаттан жасалған магнит өзекшесімен салыстырғанда трансформатордың бос жүріс шығынын бес есеге дейін азайту қамтамасыз етіледі. Индукциялық қыздыру электр технологиялық қондырғылары үшін жаңа жоғары тиімді қуат көздерін әзірлеу, аморфты қорытпалардан жасалған магниттік өткізгіштерге негізделген жаңа жоғары жиілікті трансформаторларды қолдану қажет. Сонымен қатар, дәстүрлі қуат трансформаторларының пайдалы әсер ету коэффициенті өте жоғары, бірақ электр энергиясын пайдаланушы санының өсуіне байланысты электр энергиясының қымбаттауы шығындарды азайту жолдарын, соның ішінде қуат трансформаторларын қарқынды іздеуді ынталандырады. Бұл мақалада қысқа тұйықталу қуат шығындарының жолын азайту үшін ЖТАӨ орамдардың ТМГ трансформаторларында қолданылу жайлы айтылады. Асқын өткізгіштің құрамы, ЖТАӨ трансформатордың конструкциясы, ВАС–ы келтірілген.