АДАМДАРДЫҢ ЖАППАЙ БОЛУЫМЕН ЖОҒАРЫ ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТТАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-2-248-258
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада адамдар жаппай қоныстанған объектілерге, адамдар жаппай қоныстанған үй-жайларға, олардың сипаттамаларына және оларға қойылатын талаптарға, сондай-ақ өрт туралы түсініктерге және адамдардың есінен танып қалуына немесе өлімге әкелетін негізгі факторларға анықтамалар берілген. Өрт кезінде адамдардың өміріне жану мен ыдырау нәтижесінде пайда болған улы өнімдер мен түтінді газдардың әсері үлкен қауіп тудырады. Адамдардың жаппай келуімен, жоғары меншікті өрт жүктемесімен, өрттің даму және таралу ерекшеліктерімен, сондай-ақ адамдарды құтқарудың негізгі тәсілдерімен сипатталатын жоғары қабатты ғимараттардың өрт қауіптілігі қарастырылады. Өрт кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу әрқашан үлкен қиындықтармен байланысты екені және оларды жүзеге асыру айтарлықтай күштер мен ресурстарды қажет ететіні атап өтілген. Көпқабатты ғимараттарда құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авторлар иілгіш материалдан жасалған және өрт болған жерге өрт автомобилімен жеткізілетін «Амортизациялайтын ауа жастығы» құрылғысын қолдануды ұсынады, сондай-ақ оның тактикалық-техникалық деректері мен пайдалану сұлбасы келтірілген. Адамдарды құтқару кезінде ұсынылған құрылғының болуы қарапайым және тиімді техникалық шешімдердің бірі болып табылады.