БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРТЕ ОТЫРҒЫЗУ КЕЗІНДЕ КАРТОП ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-2-10-18
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Батыс Қазақстанда картоп суару жерлерде өсіріледі. Ауа температурасы ыстық жылдары өсу үшін фотосинтетикалық белсенділікке өте маңызды болуы мүмкін. Фотосинтетикалық белсенділік картоп өнімділігінің негізі болып табылады. Максималды фотосинтетикалық өнімділікке қол жеткізу үшін экзогендік факторлардың оңтайлы болуы қажет–ылғал, жарық режимі, минералды қоректену және температура жағдайлары. Батыс Қазақстан облысы жағдайында, кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша [1],ерте отырғызу кезінде картоптың ерте пісетің сорттары жер үсті массасы мен столондарды тез қалыптастырады, түйнектердің пайда болуы неғұрлым қолайлы температуралық жағдайларда басталады. Топырақты көлеңкелеу арқылы жер үсті массасының ерте және күшті дамуы ерте көктемде температураның төмендеуіне ықпал етеді, бұл сонымен қатар картоп өнімділігінің артуына ықпал етеді. Тәжірибелер Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек ауданында, Макарово кентінде орналасқан «Гепард Агро» ЖШС жерлерінде жүргізілді. Тәжірибелер жүйелі түрде нұсқалардың дәйекті орналасуымен жүргізілді. Ғылыми өзектілігі картопты отырғызудың ерте көктемгі кезеңдерінде фотосинтетикалық потенциалы мен өнімдігінің қалыптасуы зерттелді. Жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін өсіру технологияларын әзірлеу біздің облысымыз үшін өте маңызды. Біздің тәжірибелерімізде картоп отырғызу мерзімдері өсімдіктердің фотосинтетикалық белсенділігіне және картоп дақылының қалыптасуына әсері зерттелді.