АГРОФИРМА «ПРИРЕЧНОЕ» ЖШС-де ӘУЛИЕКӨЛ ІРІ ҚАРА ТҰҚЫМЫН КҮТІП БАҒУ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-1-160-170
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада әулиекөл ірі қара тұқымын күтіп-бағу жағдайларын анықтау мен шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына талдау нәтижелері берілген. Микроклиматтың параметрлері малдың физиологиялық жағдайына, өнімділігіне және жануарлардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Жануарлар қаншалықты жоғары қасиеттерге ие болса да, қажетті микроклимат жағдайларын жасамай, олар денсаулықты жақсы сақтай алмайды және тұқым қуалаушылыққа байланысты өздерінің әлеуетті өндірістік қабілеттерін барынша көрсете алмайды. Қоралардың температурасы сиырларға айтарлықтай әсер етеді, өйткені сиырлар температураның шектен тыс жағдайында стресске ұшырайтын сүтқоректілер. Қора-жайдағы жоғары температура сиырларда жылу стрессін тудыруы мүмкін, бұл сүт өнімділігінің төмендеуіне, сонымен қоса тәбеттің төмендеуіне және жануарлардың жалпы денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оңтайлы температурада сиырлар өздерін жайлы сезінеді, бұл тәбетті жақсартуға, сүт өндіруді жақсартуға және жалпы әл-ауқатқа ықпал етеді. Осыған орай біз қора-жайлардың температуралық режимін зерттеп, нәтижелерінде зерттелген корпустардағы ауа температурасының орташа жылдық көрсеткіштері нормадан сәл жоғары екенін анықтадық. Шаруашылықтың қора-жайларының ылғалдылық көрсеткіштері қораның әртүрлі жалпы саны 7 нүктелерінде анықталды. Әр түрлі аймақтар мен нүктелердің микроклимат параметрлерін талдау корпустың қолайсыз аймақтарын анықтауға мүмкіндік берді.